Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясына ескерту жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған бұл постер ұнамайды. Мен бірінші тұруым керек. Менің есімім бірінші тұруы қажет», – деді Әлімханұлы (9-0, 5КО).

Оған америкалық Роб Брантқа (26-2, 18КО) қарсы жекпе-жектің ресми постері ұнамаған. Оны бұған дейін Twitter-де Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған еді.

Әлімханұлы компания басшысы Боб Арумға жаңа жекпе-жек туралы ойлай беруді ұсынды, себебі Брантқа қарсы кездесуді оңай деп санайды. Сондай-ақ қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте екінші орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесуді қалайтынын айтты. 

Еске салайық, Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.