Томас Тухель тұңғыш рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

Томас Тухель тұңғыш рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтар айында Лондонның «Челсиін» баптауға кіріскен неміс маманы бірнеше ай ішінде команда ойын өрнегіне қан жүгіртті. Бес айдан кейін оның шәкірттері финалда «Манчестер ситиді» 1:0 есебімен ұтып, Еуропаның ең мықты жүлдесін ұтып алды.

2003 жылы Роман Абрамович «Челси» қожайыны атанды. Содан бері он төрт бапкер ауыстырыпты. Тухель қыста Пари-Сен-Жерменнен кетіп, жұмыссыз қалған. Сол кезде Лондон командасынан ұсыныс түсті. Оған дейін «Аугсбург», «Майнц», Дортмундтың «Боруссиясы» секілді командаларды баптады. Білікті маман екенін дәлелдеді. Былтыр да чемпиондар лигасының финалына ПСЖ ны шығарған. Бірақ шешуші матчта ұтылып қалды. Өткен түндегі финалға келсек, Матчтың үздік футболшысы болып Нголо Канте танылды.