Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.

Бүгін әйелдер боксынан жеңімпаздар анықталуда деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова біріншіліктің алтын жүлдегері атанды. Ол финалда өзбекстандық Гүлсая Сұлтанәлиеваны жеңді. Осылайша Ерік Алғабек шәкірттері алғашқы алтынды қоржынға салды.

Сондай-ақ...