Үшінші алтын: Дина Жоламан елімізге жеңіс сыйлады

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы үшінші алтын медалін жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

54 келіде сынға түскен Дина Жоламан өзбекстандық Ситора Шогдарованы жеңді. Бұған дейін Қазақстан сапынан Назым Қызайбай (51 келі) мен Алуа Балқыбекова (48 келі) чемпион атанған болатын.