Римма Волосенко қарсыласты мерзімінен бұрын жеңіп, чемпион атанды

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар төртінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

60 келіде жұдырықтасқан Римма Волосенко индонезиялық қарсыласы Хусватун Хасанды жеңді. Қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберген соң төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты. Осылайша Қазақстан командасының қоржынындағы алтын саны төртке жетті. Бүгін финалға шыққан спортшылар сапынан Владислава Кухта ғана күмісті қанағат тұтты.