424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Азия чемпионаты: Валентина Хальзова алтыншы алтынды алып берді

  • 300
  • UPD: 23:29, 30.05.2021
Азия чемпионаты: Валентина Хальзова алтыншы алтынды алып берді Иллюстративті фото / Olympic.kz

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынын алтыншы алтын медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

69 келіде жұдырықтасқан Валентина Хальзова ақтық сында Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидованы жеңді. 

Осылайша бокстан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігіндегі алтындар санын алтыға жеткізді. Бүгін Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милана Сафроновалар Қазақстан әнұранын шырқатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы