427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Қазақстан рекордын орнатты

  • 129
  • UPD: 10:24, 31.05.2021
Ультрамарафоншы Заңғар Әлкенов Қазақстан рекордын орнатты Prosports.kz

Ол 320 шақырымды небәрі 44 сағат 56 минутта жүгіріп өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша бастапқы жоспарланған уақыттан 3 сағатқа ерте келді. Жезқазған қаласынан шыққан желаяқты Жаңаарқа жұрты зор қошеметпен қарсы алып, көлік сыйлады. Алғашқы күні Заңғар еш тоқтамастан 70 шақырым жүгірген, кейін әр 40 шақырым сайын аялдап отырды. Денсаулығын дәрігерлер жіті қадағалады. Заңғар қазір әскери-полиция офицері болып еңбек етеді. Ол бұл рекордты қашықтыққа емес, уақытқа арнап отыр. Қазір Заңғардың бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына жөнелтілді. Егер олар әлемдік рекорд деп мойындаса, арнайы сертификат тапсыратын болады.

Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

– Бұл Қазақстанның алғашқы осындай ультрамарафонды жүгіріп қойған рекорды. Сол рекорд біздің кезекті қараша айында шығатын рекордтар кітабына енейін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы