427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипова WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

  • 147
  • UPD: 14:20, 02.06.2021
Фируза Шарипова WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) әйелдер арасындағы жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингісінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта ирландиялық Кэти Тейлор – әйелдер арасында абсолютты әлем чемпионы. Шарипова екінші орыннан біріншіге қатарға көтеріліп, WBA тұжырымы бойынша Тейлормен жекпе-жектің міндетті үміткері атанды.

Ирландиялық боксшы алдыңғы жекпе-жегін британиялық Наташа Джонасқа қарсы өткізді. Бұл жекпе-жек тең дәрежеде өтіп, ирландиялық әйел минималды есеппен жеңді: 96-95, 96-94, 96-95. Негізгі гонорар (бонусты қоспағанда): Тейлор – 1,38 миллион доллар, ал Джонас – 485 мың.

Егер Фируза Шарипова Кэти Тейлормен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетсе, жеңіл салмақтағы басты төрт белбеудің басын қосады. Бұл Қазақстан үшін жаңа рекордтық жетістік болмақ. Ең танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тек үш негізгі титулға ғана ие болған. Шарипова кәсіпқой мансабындағы басты мақсаты әлемнің абсолютты чемпионы болу екенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы