Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты. Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қолжеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», - деп жазды.