Құлсарыда заманауи спорт кешені ашылды

Құлсары қаласында заманауи спорт кешені ашылды. Бұл нысанды жас кәсіпкер Сүлеймен Ақдрашев салып бермек болған.

Оқыста өмірден озған оның бастамасын туыстары қолдап, тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел игілігіне берді. Әлеуметтік жауапкершілік аясында бой көтерген спорт кешенінде қазақ күресі, бокс, волейбол, баскетболдан жаттығуға болады. Келушілер үшін медицина маманы мен асхана қызмет көрсетеді.

Абзал Бекенов, Құлсары аудандық спорт бөлімінің бас маманы:

- Спорттың бірнеше түрі қамтылған. Спорт кешенінің салыну себебі аудан жастарының спортпен шұғылдануына, өздерінің денсаулықтарын нығайтуларына және өзіміздің ауданамыздың, соның ішінде Құлсары қаласының жасөспірімдері мен жастары әлем чемпиондары болсын деп, республика чемпионы болсын деген ниеттеріміз бар.