423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Зарина Дияс «Ролан Гаррос» жұптық сынының екінші айналымына шықты

  • 206
  • UPD: 10:14, 03.06.2021
Зарина Дияс «Ролан Гаррос» жұптық сынының екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ресейлік Варвара Грачевамен бірге «Ролан Гаррос» жұптық сынының екінші айналымына шықты, деп хабарлады Prosports.kz.

Бірінші айналымда олар америкалық Кристиан және Сабрина Сантамариялар дуэтімен кездесті.

Дияс пен Грачева екі сетте жеңді – 6:3, 7:5. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. 

Енді олар Магда Линетт (Польша) пен Бернарда Пера (США) жұбымен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы