Еркін күрес: Польшадағы турнирде кімдер бақ сынайды

Санаулы күндерден соң Польшада күрес түрлерінен халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еркін күрес шеберлері Вацлав Циолковский мемориалында бақ сынайды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың есімі жарияланды.

Атап айтсақ, 61 келіде Нұрислам Санаев, Адлан Асқаров, 65 келіде Дәулет Ниязбеков, 70 келіде Талғат Сырбаз, 74 келіде Нұрқожа Қайпанов, Данияр Қайсанов, сондай-ақ ауыр салмақ санатында Әлішер Ерғали, Серік Бақытханов, Олег Болтин мен Юсуп Батырмырзаев белдеседі. Жарыс 8-14 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ...