Солтүстік Македонияда Қазақстан ұлттық құрама ойыншыларын әуежайдан өткізбей қойды

Футболдан Солтүстік Македония және Қазақстан арасында 4 маусымға жоспарланған жолдастық кездесу өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы делегациямен сол елге ұшып барған әріптесіміз Амангелді Сейітхан бізге телефон арқылы хабарлады. Сөйтсек, құжат тексеретін аймақта біздің футболшыларды «Шенген визасын рәсімдемеген» деген желеумен елге кіргізбей қойыпты. Олар қазір Скопье қаласының әуежайында бірнеше сағат бойы күтіп отыр. Аяқдопшылардың демалысы мен дайындығына жұмсалу керек уақыт текке кетіп жатыр. Яғни жолдастық кездесу өткен жағдайда да ұлттық құрама ойынына кесірін тигізуі мүмкін болғандықтан, Қазақстан футбол федерациясының басшылығы мәселенің қалай шешілетіні әзірге белгісіз дейді. 

Амангелді Сейітхан, тілші:

– Міне, бірнеше сағаттан бері біздің футболшылардың басым көпшілігі, тіпі бапкерлер тобы сол әуежайда уақыт өткізуде. Мәселенің қалай шешілері белгісіз. Мамамдар барынша ықпал етуге тырысуда. Алайда біздің тараптан УЕФА-ға ресми түрде құлағдар етілді. Яғни ертең Қазақстан матчқа шықпауы әбден мүмкін.