Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Калгариде өтеді

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Калгариде өтеді

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты Канаданың Калгари қаласында өтеді.

Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Турнир 21-30 тамыз аралығында өтеді. Барлық команда Калгариге 10 тамызда барып, карантинге жіберіледі. 

Айта кетелік, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты былтыр өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусты инфекцияға байланысты бәсеке кейінге қалдырылды.