Азия чемпионатынан оралған боксшы қыздарымыз қошеметке бөленді

Дубайдағы Азия біріншілігінен оралған боксшы қыздарымыз зор қошеметке бөленді.

Бүгін түнде оларды туыстары мен жанкүйерлері әуежайда күтіп алды. Ұлттық құраманың жалпыкомандалық есепте топ жаруына әйелдер құрамы ерекше атсалысқанын айта кету керек. Олар қоржынға 8 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль салды.

Еске сала кеткен жөн, құрлықтық додада ерлер құрамасы 5 күміс еншіледі. Турнир кестесінде бізден кейін Өзбекстан жайғасса, үштікті Моңғолия спортшылары түйіндеді.

Ләззат Күнгейбаева, бокстан Азия чемпионы:

- Көңіл-күй тамаша. Құдайға шүкір, аман-есен елге жеттік. Барлық қазақстандықтарға үлкен рахмет айтқым келеді. Біз Дубайда жүрсек те бізді қолдап жатқандарын сезіндік. Жарыс жақсы өтті.

Сондай-ақ...