425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сабина Алтынбекова «2021 жылдың ең келбетті 100 аруы» қатарына енуі мүмкін

  • 134
  • UPD: 11:13, 04.06.2021
Сабина Алтынбекова «2021 жылдың ең келбетті 100 аруы» қатарына енуі мүмкін

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «2021 жылдың ең келбетті 100 аруы» қатарына енуі мүмкін.

Жерлесіміз  Марго Робби, Скарлет Йоханссон және Селена Гомес сынды әлемдік шоу бизнес өкілдерімен бәсекелес атанды. Бұл туралы жыл сайынғы рейтингті жасайтын TC Candler сайты жазды.

«Сабина Алтынбекованың әлемнің ең келбетті 100 аруының бірі атануы мүмкіндігі бар. Қазақ қызына қолдау көрсету үшін суретке лүпіл басып, пікір қалдырыңыз» делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 2017 жылы ерлер арасындағы сұлулық сынында Димаш Құдайберген көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Ол 100 орынның ішінде 76 орынға жайғасып, кино әлемінің ең сымбатты актері саналатын Ди Каприо, Брет Питті басып озды.

Хабар 24 телеарнасы