425,13 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға төрт команда өтті

  • 291
  • UPD: 11:09, 04.06.2021
Хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға төрт команда өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Францияда өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шыға алмай қалды. Жерлесіміз әлемнің 15-ракеткасы бельгиялық Элиза Мертинтен ұтылып қалды. Есесіне ашық біріншіліктің жұптық сынында Александр Бублик пен Андрей Голубев сәтті өнер көрсетті. 

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға төрт команда өтті. Плей-офф кезеңіндегі соңғы кездесу  Ресей мен Канада арасында өрбіді.Ойын басынан ресейліктер ширақ қимылдап, алғаш болып есеп ашты. Оны Евгений Тимкин өз еншісіне жазды. Бірақ қысқа уақыт ішінде канадалық Адам Хенрик таразы басын теңестіріп үлгірді. Бір-бірінің осал тұсын ұзақ аңдыған қарсыластар осылаша матчтың негізі бөлігін 1:1 есебінен тең аяқтады. Ал қосымша уақытта канадалықтар сапынан Эндрю Манджапане мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды.

Тағы бір кездесуде Финляндия мен Чехия күш сынасты. Аталған ойында Ере Иннала соққан жалғыз шайба финляндиялық хоккейшілерге жеңіс сыйлады. Осылайша қарсыласынан бір ұпаймен ғана басым түскен Финляндия құрамасы келесі айналымға шықты. Ал жартылай финал ойындары 5 маусымда өткізіледі. Бұл күні АҚШ пен Германия, Канада мен Финляндия спортшылары өзара мықтыны анықтайды.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігінен айырылды. Жерлестеріміз Норвегиядан жеңілді.

Ал оның алдында Италияна ірі есеппен жеңіп, біріншіліктің рекордын орнатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы