Мейвезердің блогерге қарсы жекпе-жектен алатын сыйақысы белгілі болды

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кіші мансабындағы төрт жылдық үзілістен соң шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды prosports.kz.

Кәсіпқой боксшы америкалық танымал блогер Логан Полға қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 7 маусымға жоспарланған.

Флойд Мейвезер бұл жекпе-жек үшін кепілді 10 миллион доллар сыйақы алады. Ал жекпе-жектен соң PPV сатылымынан түскен табыстың 50% иемденеді. Бұл шамамен 100 миллион долларды құрайды деп жоспарланып отыр. 

Америкалық боксшы бұған дейін бұдан да қомақты табыс тапқан. 2015 жылы өткен Мэнни Пакьяоға қарсы жекпе-жектен түскен табысы 300 миллион долларды құраған. 

Блогер Логан Пол бокста тек бір жекпе-жек өткізген. Ол 2018 жылы KSI лақап атымен танымал блогерге қарсы жұдырықтасқан еді.