«Қайрат» қорғаушысы Еуропаның топ-чемпионатына ауысуы мүмкін

«Қайрат» пен Армения құрамасының 28 жастағы қорғаушысы Камо Оганесян карьерасын Еуропадағы топ-чемпионаттардың бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы армениялық танымал фотограф Грач Хачатрян Twitter-парақшасында жазды. Ол армениялық футболшыларға қатысты инсайдерлік ақпараттарды жиі айтып тұрады. «Астана» қорғаушысы Вараздат Ароянның испаниялық «Кадиске» ауысатынын да Хачатрян бірінші болып хабарлаған еді.

Камо Оганесяннің алматылық «Қайратпен» келісімшарты 2021 жылы желтоқсанда бітеді. Осы маусымда Премьер-лигада ол 13 матч өткізіп, екі гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған.