Хоккей: Қазақстан құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты Финляндияда (Хельсинки және Тампере) өтетін 2022 жылы өтетін әлем чемпионатына топтарды жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы матчтары Хельсинкиде өтетін «А» тобында ойнайды. Қарсыластар Канада, РОК, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия. Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Беларуссия және Ұлыбритания «В» тобына кірді. Олар Тампереде ойнайды.