Илья Ильин қызын жаттықтырып жүр (видео)

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қызы Милананың алғашқы жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Экс-спортшы видеоны Instagram-парақшасында жариялады.

«Миланамен бірге алғашқы жаттығуымыз! Әр әке үшін қуаныш! Бірақ камераны көрсе, ұялып, қашып кетеді», - деп жазды Ильин.