Хоккейден Қазақстан командасы әлем чемпионатынан соң үш сатыға жоғарылады

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Ригада аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жыл сайынғы рейтингті жаңартты. Қазақстан командасы 16 сатыға жоғарылап, 13-орынға тұрақтады деп жазады Olympic.kz.

Тізімді Канада бастап тұр. Жалпы турнир кестесінде өз тобында төрт рет жеңіске жеткен Қазақстан командасы 10-орын иеленді.

Айта кетелік, Қазақстан командасы IIHF рейтингіндегі ең жоғарғы көрсеткішін 2006 жылы тіркеді. Екі әлем чемпионаты мен Туриндегі Олимпиада ойындарына қатысқан біздің команда 11-орыннан көрінген болатын. Биылғы рейтингте Канада бірінші, Финляндия екінші, Ресей үшінші орында тұр.