Рыбакина жұптық сында Ролан Гарростың ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы Франция ашық чемпионатының 3-ракеткалары, американдық Николь Меличар – нидерландылық Деми Схюрспен күш сынасты.

Бірінші партия барысында американдық жұп 4:3 есебімен алға кеткенімен бұдан кейін Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық-ресейлік жұп брейк жасай алды – 4:2. Ақыры Елена Рыбакина матчқа допты жақсы берді – 6:3. Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалға өту үшін Польша өкілі Магда Линетт – американдық Бернарда Перамен шеберлік байқасады. Сондай-ақ ертең Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямсті ұтып, ширек финалға шыққан болатын.

Сондай-ақ...