Мбаппе ең қымбат футболшы атағынан айырылды

CIES Football Observatory өзінің ресми сайтында әлемнің ең қымбат футболшыларының жаңа тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа рейтингте бұған дейін әлемнің ең қымбат ойыншысы атанып келген Килиан Мбаппе 12 орынға түсіп қалған. Оның дәл қазіргі бағасы - 118,3 миллион еуро. 

Ал көш басына «Манчестер Сити» ойыншысы Филип Фоден шыққан. Футбол нарығындағы оның бағасы - 190,2 миллион еуро.

Екінші сатыда 178 миллион еуроғаға бағаланған Мэйсон Гринвуд (Манчестер Юнайтед) болса, үздік үштікті Маркус Рашфорд (Манчестер Юнайтед) түйіндеп тұр. Оның бағасы - 159,1 миллион еуро.