Қазақстанда белгілі бапкер қайтыс болды

Қазақстандық бокс ардагері Қазбек Ашляев өмірден озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады.

Қазбек Ашляев - Қазақ КСР, КСРО және Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1945 жылы ақпанда Қарағандыда дүниеге келген.

Оның өмірі әрдайым спортпен тығыз байланысты болған. 1962 жылы бокстан жасөспірімдер арасында Қазақ КСР жеңімпазы, 1962 жылы жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің чемпионы атанды. 1964 жылы ересектер арасында КСРО біріншілігін жеңіп, бокстан Еуропа Кубогын жеңіп алды.

Ашляев туризм және спорт министрінің орынбасары және ҚР Білім министрлігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығы қызметін атқарған.

Сондай-ақ...