426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майк Тайсонның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

  • 127
  • UPD: 14:20, 09.06.2021
Майк Тайсонның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды Чемпионат

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңға күзде оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды vesti.kz

Соңғы рет ол өткен жылы Рой Джонсқа қарсы жекпе-жек өткізді.

«Біз жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Ол спортшы. Сондықтан жаттығу жасау үшін үнемі залға келеді. Қыркүйек айына жекпе-жек жоспарланып жатқан сияқты. Бірақ мен келесі қарсыластың кім болатынын білмеймін», - деді Кордейро. 

Еске салайық, Тайсон соңғы кездесуін өткен жылдық қараша айында өткізіп, тағы бір аңыз боксшы Рой Джонспен кездесті. Бұл айқаста жеңімпаз анықталмай, тең нәтиже тіркелді. 

Хабар 24 телеарнасы