426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды

  • 139
  • UPD: 19:03, 09.06.2021
Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды фото: vesti.kz

Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды.

Кездесулер екі қалада өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтетін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші матчты Коста-Рикаға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Ойын 12 қыркүйек Каунас қаласына белгіленді, үш күннен кейін осы қалада Рикардо Кака жаттықтыратын команда Литвамен кездесу өткізеді.

А тобындағы соңғы мачте Қазақстан 18 қыркүйек Вильнюсте Венесуэламен ойнайды.

Турнир 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығы өтеді. Қазіргі чемпион Аргентина құрамасы екенін айта кетейік.

Қазақстан үшін бұл өз тарихындағы үшінші мундиаль болады, бұрын команда 2000 және 2016 жылдары финалда ойнаған.

Хабар 24 телеарнасы