Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Елордада 23 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азия чемпиондары, әлем біріншілігінің жүлдегерлері сынды кіл мықтылар ғана күш сынасатын додаға 400-ге жуық спортшы қатысуда. Жалпы жапон жекпе-жегінен мұндай жоғары деңгейдегі ел чемпионаты 2018 жылдан бері түрлі себептермен ұйымдастырылмай келген еді. Одан соң пандемия да осынау олимпиадалық спорт түрінен жарыстар өткізуге кедергісін тигізді. Бұл дегеніміз еліміздің дзюдодан беткеұстарлары бас қалаға ұзақ уақыттан соң жиналып отыр. Көп күттірген чемпионатта ерекше көзге түскендер дзюдодан ұлттық құрамаға алынады.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы:

– Ұлттық құрама командаға резерв. Әрі қарай сол спортшылардан халықаралық турнирлерге спортшылар қатысады. Бұлардың арасында олимпиадаға үміткерлер бар.

Қайрат Қожамжаров, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті:

– Осы жарыс тәжірибесінен соң біздің дзюдошылар өз деңгейіне келеді деп ойлаймын. Бізде қазіргі ең басты сынақ – Токиодағы олимпиада. Қазір дайындық үстіндеміз. Біздің батырларымыз, бүгінгі жастарымыз солардың жолын қуады деп ойлаймын.

Аталған ел біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде әйелдер 48 және 52, ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі мынадай:

Әйелдер: 48 кг

  1. И.Дубовская (Алматы облысы)
  2. Ж.Асқарова (Қызылорда облысы)
  3. Х. Амиргалиева (Атырау облысы)
  4. С.Құлым (Түркістан облысы)

52 кг

  1. Диана Аипова (Алматы қаласы)
  2. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
  3. Анель Мұхан (Қызылорда облысы)
  4. Әсемгүл Балтабай (Шымкент қаласы)

Ерлер: 60 кг

  1. Ернұр Сүлеймен (Жамбыл облысы)
  2. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы)
  3. 3. Абдусамат Бақыт (Атырау облысы)
  4. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы) 66 кг
  5. Ермек Амангелді (Атырау облысы)
  6. Кемелбек Молдаш (Түркістан облысы)
  7. Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл облысы)
  8. Рауан Бегалы (Қызылорда облысы)

Айта кетерлігі, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты 11 маусымға дейін жалғасады.