Арман Оспанов PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутқа түсті

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі бірінші жекпе-жегінде американдық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды. Арман қарсыласын нокдаунға түсіріп үлгерген, алайда бірер сәттен соң американдық қарымта шабуылда Оспановты нокаутқа түсірді.