Буффон «Барселонаға» ауысудан бас тартты

«Ювентустің» қақпашысы Джанлуиджи Буффон осы маусымнан кейін «Барселонаға» ауыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Footmercato мәліметінше, каталониялық клубтың басшылығы 43 жастағы голкипермен келіссөз жүргізген. «Барселона» қақпашыны Марк-Андре Тер Штегеннен кейінгі екінші голкипер қылмақ. Алайда тәжірибелі қақпашы каталониялық клубтың ұсынысынан бас тартты. Буффон мұны қосалқы құрамда отырғысы келмейтінімен түсіндірген.

Буффон «Ювентус» сапында 2001 жылдан бері ойнайды, тек бір маусым франциялық ПСЖ сапында болған. 11 мамырда Буффон осы маусымнан кейін туриндік клубтан кететінін хабарлаған болатын.