Олимпиада: жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы тағы үш жолдама жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Токио олимпиадасына үш лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеңіл атлетика шеберлері Қазақстан чемпионаты нәтижесі бойынша тиісті нормативті орындады. Бүгін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың нәтижесін ресми жарияланды.

Сонымен, #teamKZ қоржынына Мария Овчинникова, Кристина Овчинникова және Надежда Дубовицкая үш жолдама алып келді.

Мария Овчинникова үш қарғып секіру жарысының қорытындысы бойынша лицензия жеңіп алды. Спортшы 14,34 метр нәтижемен үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтиже олимпиадалық стандарттан екі сантиметрден асып түседі (14.32).

Кристина Овчинникова мен Надежда Дубовицкая биіктікке секіру лицензияларын жеңіп алды.

Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартып, 2,0 метр нәтиже көрсетті. Кристина Овчинникова 1,96 нәтижесін тіркеді. Лицензияны орындау нормасы 1,96 нәтижесі болғандықтан, екі нәтиже де Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін төрт жолдама болды. Оны Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко мен Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) жеңіп алған болатын.

Бүгінде Қазақстан қоржынында спорттың 25 түрінен 66 жолдама бар.