427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония оппозициясының жетекшісі Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы шықты

  • 109
  • UPD: 16:33, 11.06.2021
Жапония оппозициясының жетекшісі Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы шықты Sports.kz

Жапония оппозициясының көшбасшысы – Жапония Конституциялық-демократиялық партиясының басшысы Юкио Эдано Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының күшін жою немесе кейінге қалдыруға шақырды, деп жазады Prosports.kz.

Саясаткердің айтуынша, Олимпиаданы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде өткізу орынсыз. 

«Олимпиада ойындарын спортшылар үшін өткізгісі келетінін түсінемін. Бірақ оны бір жылға кейінге шегеру керек немесе мүлде бас тарту қажет», - деді Эдано.

Саясаткер Олимпиада өтсе, Жапония коронавирус инфекцияның жаңа толқынына тап болатынын айтты.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары бастапқыда 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегеріліп, биыл өткелі отыр. 

Хабар 24 телеарнасы