EURO-2020 алдында Франция құрамасының ойыншылары арасында жанжал туындады

Франция ұлттық құрамасында ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Челсидің» шабуылшысы Оливье Жиру арасында қақтығыс пайда болды және әлі күнге дейін шешімін таппады, деп хабарлайды vesti.kz.

Бұған Жирудың Мбаппеге қатысты айтқан пікірі себеп болды, Оливье жас футболшының пасты сирек беретінін айтқан. Ал мұны естіген Мбаппе жаттығуда нашар көңіл-күймен жүріп, командаластарымен аз сөйлескен.

Ал Жиру өз кезегінде ПСЖ футболшысымен сөйлесіп, жағдайды дұрыстап түсіндірген. Ол оған журналистің сұрақтарына байланысты идеяның бұрмаланғанын айтты. Осылайша, Оливье Жиру қателік жібергенін мойындады. Алайда Мбаппе өзінің наразылығын бүкіл команда алдында көрсетуін жалғастыруда.

Франция бапкері Дидье Дешам екі ойыншымен, содан кейін бүкіл командамен сөйлесті. Оларға қателіктің болғанына қарамастан, әрі қарай жылжу керектігін айтқан. Алайда бұл мәселе әлі күнге дейін оң шешімін таппады. Мбаппенің көңіл-күйіне жаттығу кезінде Жирудың жиі пас беріп, жаттығудан кейін оны тіпті құшақтап алуы да әсер етпеген.