Италия Түркияны 3-0 есебімен ұтты

Еуро-2020 футбол чемпионатының бірінші кездесуінде Италия құрамасы Түркияны 3-0 есебімен ұтты.

Ойын Римдегі Олимпиада стадионында өткен. 53-минутта Түркия құрамасының қорғаушысы өз қақпасына гол соғып алды. 66-минутта Чиро Иммобиле, ал 79-минутта Лоренцо Инсинье есеп ашты.

Айта кетейік, негізі бұл жарыс былтыр өтуі керек еді, бірақ коронавирус індетіне байланысты биылға шегерілді. Еуро-2020 Еуропаның 11 қаласында өтеді.

Сондай-ақ...