Олимпиадада ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері белгілі болды

Олимпиадада ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері белгілі болды

Токио Олимпиадасында еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Бапкерлер штабы 5 салмақта бақ сынайтын балуандарды есімін атады.

Олар:

57 кг. Нұрислам Санаев

65 кг. Дәулет Ниязбеков

74 кг. Данияр Қайсанов

97 кг. Әлишер Ерғали

125 кг. Юсуп Батырмурзаев

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары шілде айының 23 басталып, 8 тамызда аяқталады.