«Ролан Гаррос»: Андрей Голубев пен Александр Бублик ақтық сында ойнайды

Енді бірер сағаттан кейін қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ақтық сынында бақ сынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларқазірдің өзінде отандық спортта сенсация жасап отыр. Себебі спортшылар «Үлкен шлем» жарысының ақтық сынына жолдама алған алғашқы қазақстандықтар. Бұл жұпқа қарсы турнир қожайындары Пьер-Юг Эрбер мен Николя Маю ойнайды. Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазақстандықтар ақтық сынға алғаш рет шығып тұрса да, мықты қарсылас атанып үлгерген.