424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа чемпионаты: Уэльс пен Швейцария құрамалары тең түсті

  • 232
  • UPD: 22:38, 12.06.2021
Еуропа чемпионаты: Уэльс пен Швейцария құрамалары тең түсті фото: © Reuters

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Уэльс пен Швейцария құрамалары арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобындағы кездесу Бакуде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Швейцария командасынан Брель Эмболо гол салды (49-минутта), ал Уэльс құрамасынан Киффер Мур (74-минут).

Еске салайық, ашылу салтанатындағы матчте Италия құрамасы Түркияны жеңді. Осылайша, Италия үш ұпай жинап, А тобында көш бастады.

16 маусымдағы келесі айналымда Уэльс командасы Түркия құрамасымен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы