Жеңіске бергісіз жеңіліс

Отандық спорт тарихында тұңғыш рет қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Францияда өткен «Ролан Гаррос» турнирінің ақтық сынында ойнады.

Бірақ тәжірибелі жұп әрі жарыс қожайындары – Эрбер-Маюға қарсы ойында жерлестіріміздің бағы жанбады. Бірінші кезеңде отандастарымыз 6:4 есебімен ұтты. Екінші ойында тең түсіп, соңғы шешуші кезеңде «Үлкен дулыға» турнирлерінің 4 дүркін жеңімпазы атанған жұп 4 те 6 есебімен басым түсті. Десе де біздің теннисшілер әлемдегі ірі жарыс алаңында ақтық сынға дейін тегеурінді ойын өрнегін көрсете білді.