425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баскетболдан Қазақстан командасы Иорданияға қарсы матч өткізеді

  • 193
Баскетболдан Қазақстан командасы Иорданияға қарсы матч өткізеді olympic.kz

13 маусым күні баскетболдан Қазақстан командасы 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу аясында топтағы соңғы ойынын өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Арада бір жарым жыл өткен соң «Дала арландары» Иордания құрамасына қарсы екінші матчты өткізеді. Ойын Амман қаласында ұйымдастырылмақ. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетелік, өткен жылдың 24 ақпанында елордамызда өткен матчта қазақстандықтар Иорданияға 68:71 есебімен жол берді. Қазіргі таңда біздің команда топтағы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, бірінші орында келеді.   

Хабар 24 телеарнасы