Швейцария туры қорытындысы бойынша Якоб Фульсанг үшінші орын алды

Бүгін «Швейцария туры» көпкүндік веложарысының 8-финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Bahrain - Victorious командасындағы Джино Медер топ жарды. 

«Астана» шабандоздары арасынан үздік нәтижені тоғызыншы орын алған Якоб Фульсанг көрсетті. 

Сондай ақ Якоб жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікке кірді. 

«Швейцария туры». 8-кезең. Andermatt - Andermatt. 159,5 км 

1. Джино Медер (Bahrain - Victorious) - 4:06:25

2. Майкл  Вудс (Israel Start-Up Nation) + ,,

3. Маттиа Каттанео (Deceuninck - Quick Step) + 0:09

...9. Якоб Фульсанг («Астана») + ,, 

Жалпы есеп: 

1. Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) - 24:44:01

2. Уран Ригоберто (EF Education - Nippo) + 0:17

3. Якоб Фульсанг («Астана») + 1:15