Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін WTA рейтингінде жоғарылады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) үздік теннисшілер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, бір сатыға жоғарылады. Қазір ол 21-орында. Юлия Путинцева да бір сатыға көтерілді. Ал Зарина Дияс топ-100 тізімінен шығып қалды.