424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EURO-2020: матч кезінде ес-түссіз құлаған Эриксен мәлімдеме жасады

  • 186
  • UPD: 16:44, 14.06.2021
EURO-2020: матч кезінде ес-түссіз құлаған Эриксен мәлімдеме жасады RT

Футболдан Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен өзін жақсы сезіне бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда футболшы естен танып құлауының себебін анықтамақ ниетте.

«Бәріңе рақмет, мен берілмеймін. Қазір жақсымын, бірақ не болғанын түсінгім келеді. Баршаңызға маған көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын», – дейді Эриксен.

Еске салайық, Еуро-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчта Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, ол есінен танып қалды. Футболшыны бірден ауруханаға алып кетті.

Хабар 24 телеарнасы