UFC Порье - Макгрегор жекпе-жегінің промо-ролигін жариялады

Спорт-Экспресс

ММА әлеміндегі ең танымал промоушен Ultimate Fighting Championship UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегі – америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор Макгрегор кездесуінің промо-ролигін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 264 турнирі 11 шілдеде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Порье мен Макгрегор бұған дейін екі рет кездескен, әзірше есеп - 1:1.