Қызылордада Тимур Сегізбаевты еске алу турнирі өтті

Қызылордада қазақ футболының жарық жұлдызы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Доп додасына Байқоңыр, Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда барлығы 120 спортшы қатысты. Ақтық сында «Қайсар» командасы «Арал» ойыншыларынан басым түсті. Ал, үшінші орынды №6 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі жеңіп алды.

Болат Көшербаев, облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті:

- Тимур Санжарұлы – біздің Қызылорда облысының футболына өзінің үлкен үлесін молынан қосқан азаматтардың бірі. Біздің қазіргі қайсарымыздың ең бірінші бапкері. Негізгі мақсатымыз біздің Қызылорда облысының балаларының деңгейін көтеру үшін осылардай келешек жақсы, мықты футболшылар шығады деген үмітпен жасалып жатқан турнир.

Әлихан Әлиханов, Тимур Сегізбаевтың немересі:

- Биыл атам – Тимур Санжарұлы 80 жасқа толар еді. Бұл турнирдің Қазақстан футболының болашағы үшін маңызы зор деп есептеймін. Жастардың талпынысы жақсы. Деңгейі де жоғарылап келе жатқанын байқадық.