ЕURO 2020 ойындары өтетін Санкт-Петербургте жанкүйерге тағам сатуға тыйым салынды

Футболдан Еуропа біріншілігінің ойындары өтетін Санкт-Петербургте 17 маусымнан бастап жанкүйерлер жиналатын аймақтарда тағам сатуға тыйым салынды.

Қала әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл коронавирустан сақтанудың амалы. Сондай-ақ бұл аймақтарда санитарлық шектеулер күшейтіліп, бетперде кию міндеттелді.

Айта кету керек, қаладағы фудкорттардың барлығында тағам сатуға тыйым салынды. Тек сусындар сатылады. Сондай-ақ кинотетарлар да көрмендерді тек жартылай қабылдайды. Ал мәдени шараларға қатысушылардың саны үш мыңнан аспауы тиіс.