424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кәсіпқой бокстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған турнир өтті

  • 213
  • UPD: 20:54, 14.06.2021
Алматыда кәсіпқой бокстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған турнир өтті

Алматыда кәсіпқой бокстан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық турнир өтті. Сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен үміткерлердің басым көпшілігі жастар. Кәсіпқой боксқа енді ғана келген жігіттер федерация басшылары мен бапкерлер алдында бар шеберліктерін көрсетті.

Соңғы уақытта елімізде кәсіпқой боксқа бет бұрған жастар көп. Барлығының арманы әлем чемпионы атану. Осы жастарға мүмкіндік жасау үшін Қазақстан кәсіпқой федерациясы үлкен жобаларды қолға алып отыр. Яғни биыл Қазақстан біріншілігін ұйымдастырып, ел мықтыларын анықтауды көздейді. Сондай-ақ Алматыда тек кәсіпқой боксшылар жаттығатын спортзал ашылды. Дәл осы жерде промоутерлік компаниялардың бірлескен жарысы өтті. 

Дастан Сәдуақасов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы: 

- Осы маусымда кәсіпқой бокстан Қазақстан біріншілігі ұйымдастырайын деп отыр. Осы жерде және Балуан Шолақ спорт сарайында. Яғни сол жақта біз кәсіпқой боксшыларды анықтаймыз. Қазақстан чемпиондарын анықтаймыз әр салмақ дәрежесі бойынша. Және де біз осында іріктеу сындарын өткізіп жатырмыз.

Бұл жарыста қазақстандық промоутерлер мен бапкерлер жас боксшылардың аяқалыстарын байқап көрді. Алматы облысының намысын қорғаған 16 жастағы Ильяс Елемес өзіндік ұрыс өнерімен көпшілік көңілінен шықты. Мамандар соққысы жойқын Бауыржан Бейілдиновтың да болашағынан зор үміт күтеді. Қатарынан 4 жекпе-жегінде жеңіске жеткен Бауыржан бұл жолыда қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.

Бауыржан Бейілдинов, кәсіпқой боксшы:

- Бапкерімді естіп тұрдым. Асықпа, асықпа деген дауыстарды естідім. Ол жерде өзім уже түсіндім. Ағайымның бірауыз сөзінен ойнау керек. Бірден қарсыласты құлатып тастаған ол да дұрыс емес. Боксшы өзі ашылу керек, соған екі ранудқа пландағымыз негізі. Бірінші раундта дайныдықтың арқасында құлап жатыр деп ойлаймын. Бірақ ойлаған жоқпыз бірінші соққыдан кейін осылай құлап кетеді деп. Біз екінші раундқа көздегенбіз.

Сол секілді Айбек Қабидолда мен Еркебұлан Баққожа секілді жігіттер қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтса, Әлихан Түленбаев пен Адлан Сельмурзаев және Елхан Табынбаевтар ұпай санымен жеңіске жетті. Осы аты аталған жігіттер Қазақстан біріншілігіне қатысуға бір табан жақындай түсті. 

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев

Хабар 24 телеарнасы