424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуро-2020: төртінші ойын нәтижесі

  • 126
  • UPD: 13:12, 15.06.2021
Еуро-2020: төртінші ойын нәтижесі Спорт-Экспресс

Словакия аяқдопшылары Польша құрамасын қапы қалдырды.

ПОЛЬША – СЛОВАКИЯ – 1:2

Футболдан Еуропа чемпионатының төртінші күні осындай нәтиже тіркелді. Қос команда да Е тобында сынға түсті. Жалпы қарсыластар бір-бірінің осал тұсын жақсы білетін. Себебі жасыл алаңда бұған дейін сегіз мәрте кездескен. Алайда осы жолғы жолығу соңғы 7 жылдағы тұңғыш ойын еді. Бұл жолы да ала допты ұршықша иірген Словакия спортшылары намысты қолдан бермеді.

ИСПАНИЯ – ШВЕЦИЯ – 0:0

Ал Испания мен Швеция құрамалары ит-жығыс түсті. Бір-бірінің қақпасын ұзақ аңдыған қарсыластар 0:0 есебімен тең тарқасты.

ШОТЛАНДИЯ  – ЧЕХИЯ – 0:2

Сондай-ақ кеше жасыл алаңда D тобындағы Чехия мен Шотландия жолықты.  Аталған ойында Чехиялықтар қарсыластың қақпасына 2 жауапсыз гол соғып, кездесу жеңімпазы атанды. Осылайша олар көптен бері айласын асыра алмай жүрген Шотландия футболшыларынан есе қайтарды.

Хабар 24 телеарнасы