Америкалық боксшы Данияр Елеусіновті әлемнің үздік боксшысы деп атады

Америкалық боксшы Айкем Шемур қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусіновтің өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды prosports.kz.

«Дәл қазіргі сәтте әлемнің үздік боксшысы деп Данияр Елеусіновті айтар едім. Ол Олимпиада чемпионы, болашақта одан да мықты деңгейге көтеріледі. Даниярды спаррингте көрдім. Мықты жұдырықтасады. Олимпиада чемпионының жасаған еңбегін көріп, әрі қарай жұмыс істеуге мотивация алдым», – Айкем Шемур.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегінде намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді.