Франция – Германия: әлем чемпиондарының текетіресі

Дидье Дешам шәкірттері тағы бір мәрте үздік екенін дәлелдеді. Еуропа чемпионатының төртінші күні Франция құрамасы Германиямен кездесті.

ФРАНЦИЯ – ГЕРМАНИЯ – 1:0

F тобындағы екі команда да әлемнің үздіктері. Сондықтан жанкүйерлер бұл ойынды асыға күткені рас. Бұған дейін де жасыл алаңда талай жолыққан қарсыластар бір-бірінің осал тұсын дөп басуға тырысты. Бірінші кезеңде неміс футболшысы Матс Хум-мельс өзінің қақпасына гол соғып алды. Бұдан кейін қос қарсыластың есепті өзгертуге бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен ойын мазмұны өзгерген жоқ. Осылайша, 1:0 есебімен Франция жеңіске жетті.

ВЕНГРИЯ – ПОРТУГАЛИЯ – 0:3

Сондай-ақ бұл күні Венгрия мен Португалия аяқдопшылары да шеберлік байқасты. Венгрия өз алаңында ойнағанымен Португалияның баСымдығы аңғарылып тұрды. Нәтижесінде қақпаға үш бірдей жауапсыз гол соғылды. Оның екеуін Португалия құрамасының серкесі Криштиану Роналду салды.