Алаңда жүрегі тоқтап қалған футболшы жанкүйерлерге арнап жазба жариялады

Миландық «Интер» мен Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен әлеуметтік желіде жанкүйерлерге сәлем жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бәріңе сәлем! Бүкіл әлемнен келіп жатқан сәлемдер мен хабарламалар үшін рақмет. Мұның мен және отбасым үшін маңызы үлкен. Болған жағдайды ескерсек, қазір жақсымын. Әлі ауруханада тексеруден өтуім қажет, дегенмен өзімді жақсы сезінемін. Енді әрі қарай матчтарда Дания құрамасындағы жігіттерге жанкүйермін. Бүкіл Дания үшін ойнаңдар», - деп жазды ол Instagram желісінде.